Аппарат Жезказганского городского маслихата
Официальный сайт государственного учреждения
Объявления
ХАБАРЛАНДЫРУ Объявление о конкурсе по избранию членов Общественного совета города Жезказган К сведению политических партий и общественных объединений ОБЪЯВЛЕНИЕ СООБЩЕНИЕ Жезказганского городского маслихата  Карагандинской области о формировании нового состава избирательных  комиссий Внеочередная ХХХІІ сессия Жезказганского городского Маслихата VІ созыва состоится 10 января 2019 года в 11.00 часов в большом зале на 10 этаже в здании акимата и маслихата с повесткой дня СООБЩЕНИЕ Жезказганского  городского маслихата об итогах образования нового состава избирательных комиссий ГУ «Аппарат Жезказганского городского маслихата» объявляет  общий конкурс на занятие вакантной,  временно вакантной административной государственной должности корпуса «Б», являющейся низовой Список кандидата допущенного  к собеседованию График собеседования Решение конкурсной комиссии ОБЪЯВЛЕНИЕ Объявление
Общественный совет
О внесении изменений в решение №33/298 от 4 апреля 2019 года «Об утверждении состава Общественного совета города Жезказган» Жезқазған қаласы қоғамдық Кеңесі төрағасы С.Қожамсейітовтың есебі Об Общественном совете города Жезказган Объявление Состав рабочей группы по формированию Общественного совета города Жезказган Объявление  о проведении конкурса по избранию членов рабочей группы по формированию Общественного совета города Жезказган Отчет общественного совета города Жезказган за 1-ое полугодие 2016 года Председатель общественного совета г.Жезказгана Об Общественном совете города Жезказган Внеочередная 41 сессия Жезказганского городского маслихата Об утверждении состава общественного совета ИТОГИ РАБОТЫ ОБЩЕСТВЕННОГО СОВЕТА ЗА 2016 ГОД Сообщение о заседании по вопросу создания Рабочей группы Объявление о конкурсе по избранию членов Общественного совета города Жезказган ОБРАЗЕЦ - Предложение о выдвижении кандидата в состав Общественного совета города Жезказган Образец - АВТОБИОГРАФИЧЕСКИЕ ДАННЫЕ Образец - ЗАЯВЛЕНИЕ Объявление о проведении заседания Рабочей группы по формированию Общественного совета города Жезказган
Решения
№ 49/425. Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, финансируемых из городского бюджета № 49/423. О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории города Жезказган № 49/426. О внесении изменений в решение XХХХІ сессии Жезказганского городского маслихата от 27 декабря 2019 года №41/362 «О бюджете города Жезказган на 2020-2022 годы» О бюджете города Жезказган на 2020-2022 годы № 49/424. Об утверждении Правил оказания социальной поддержки и установления размера по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Жезказган № 47/411. О внесении изменений в решение XXXXII сессии Жезказганского городского маслихата от 27 декабря 2019 года №42/371 «О бюджете сельских округов на 2020-2022 годы» О признании утратившим силу решения Жезказганского городского маслихата от 27 сентября 2016 года №4/50 «Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Жезказганского городского маслихата» и его описание» О внесении изменений и дополнения в решение Жезказганскогогородского маслихата от 24 мая 2012 года № 6/51 «Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Жезказгана» О признании утратившим силу решения Жезказганского городского маслихата от 24 декабря 2018 года №30/275 « Об установлении единых ставок фиксированного налога» О внесении изменений в решение XХХХІ сессии Жезказганского городского маслихата от 27 декабря 2019 года №41/362 «О бюджете города Жезказган на 2020-2022 годы» О бюджете сельских округов на 2020-2022годы О предоставлении в 2020 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Жезказгана Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Малшыбай Об утверждении состава Общественного совета города Жезказган О внесении изменений в решение городского маслихата №32/293 от 10.января 2019 года. «Об утверждении составов участковых избирательных комиссии» Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Талап О внесении изменений в решение XХХХІ сессии Жезказганского городского маслихата от 27 декабря 2019 года №41/362 «О бюджете города Жезказган на 2020-2022 годы» О внесении изменений в решение XХХХІ сессии Жезказганского городского маслихата от 27 декабря 2019 года №41/362 «О бюджете города Жезказган на 2020-2022 годы» 2019 год 2018 год 2017 год Архив
Проекты решений
Об установлении размера фиксированного суммарного
налога с единицы объектов налогообложения
Об установлении стоимости разового талона
за право реализации товаров на рынках
Об установлении стоимости разовых талонов по предпринимательской
деятельности физических лиц носящий эпизодический характер
Об установлении размера ставок фиксированного налога
с единицы объекта налогообложения
О базовых ставках налога на земли выделенные под автостоянки О размере и порядке оказания жилищной помощи О внесении изменений в решение XXXIVсессии Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи О внесении изменений в решение XXXIV сессии. 09.07.2012. О внесении изменения в решение от 24 мая 2012 года №6/51 Об утверждении схемы зонирования земель города Жезказган с определением территорий по целевому назначению и режиму использования Об утверждении Правил содержания животных на территории города Жезказган О признании утратившими силу некоторых решений Жезказганского городского маслихата О внесении изменений и дополнений в решение Жезказганского городского маслихата от 25 декабря 2015 года № 38/347 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Жезказган»
Обратная связь
Общественное мнение

Какие формы, на Ваш взгляд, наиболее удобны для обращения по факту коррупционных правонарушений?

Телефон доверия
71-13-23
Опубликовано: 09 января 2020

«Жезқазған қалалық мәслихатының Аппараты»  ММ

2019 жылғы 27 желтоқсаны

№ 42/373

Жезқазған қалалық мәслихатының 

27 желтоқсандағы 

2019 жылғы № 42/373 шешімімен бекітілген

 

Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3 бабының 3-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
  2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;

3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;

4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;

5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен   жергілікті

маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.

  1. Жиналыс регламентін Жезқазған қалалық мәслихаты (бұдан әрі – қалалық мәслихат) бекітеді.

 

2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды

жүргізу тәртібі

     

  1. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:

бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

Малшыбай ауылы (бұдан әрі – ауыл) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

Малшыбай ауылының әкімі аппаратының (бұдан әрі – ауыл әкімінің аппараты) ауылдың коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;

бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

ауыл бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

ауылдың коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

Малшыбай ауылы әкімін (бұдан әрі – ауыл әкімі) сайлауды өткізуге қалалық мәслихатқа одан әрі ұсыну үшін ауыл әкімінің қызметіне Жезқазған қаласының әкімі (бұдан әрі – қала әкімі) ұсынған кандидатураларды келісу;

ауыл әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақта орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.

  1. Жиналысты ауыл әкiмі дербес не ол жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылуы мүмкін.

Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.

Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.

  1. Жиналысқа шақыру уақыты, шақырылым орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілдермен хабардар етіледі.

Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.

  1. Жиналысты шақыру алдында әкім аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін әкім немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.

Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

  1. Жиналысты шақыруды әкім немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.

  1. Жиналыстың күн тәртібін ауыл әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, ауыл әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.

Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.

Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.

Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.

Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.

  1. Жиналысты шақыруға олардың мәселелері онда қаралатын қалалық мәслихаттың депутаттары, қала әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ жиналысты шақыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатыса алады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

  1. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді.

Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.

Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.

Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.

Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.

 

3-тарау. Жергілікті  қоғамдастық  жиналысының  шешімдер

 қабылдау тәртібі

     

  1. Жиналыс өзінің құзіреті шеңберінде шақырылымға қатысушы жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.

Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.

Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күн ішінде ауыл әкіміне беріледі.

  1. Жиналыста қабылданған шешімдерді ауыл әкімі бес жұмыс күні мерзімінде қарайды.

Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер осы Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.

Ауыл әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені қала әкімі қалалық мәслихаттың отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.

  1. Ауыл әкімінің аппараты ауыл әкімінің жиналыс шешімдерін қарау нәтижелерін бес жұмыс күн ішінде жиналыстың мүшелеріне жеткізеді.
  2. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және ауыл әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.
  3. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді ауыл әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады.

 

4-тарау. Жергілікті қоғамдыстық жиналысы шешімдерінің

орындалуын бақылау

 

  1. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.
  2. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы қала әкіміне жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.

Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс қала әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.