Аппарат Жезказганского городского маслихата
Официальный сайт государственного учреждения
Объявления
ХАБАРЛАНДЫРУ Объявление о конкурсе по избранию членов Общественного совета города Жезказган К сведению политических партий и общественных объединений ОБЪЯВЛЕНИЕ СООБЩЕНИЕ Жезказганского городского маслихата  Карагандинской области о формировании нового состава избирательных  комиссий Внеочередная ХХХІІ сессия Жезказганского городского Маслихата VІ созыва состоится 10 января 2019 года в 11.00 часов в большом зале на 10 этаже в здании акимата и маслихата с повесткой дня СООБЩЕНИЕ Жезказганского  городского маслихата об итогах образования нового состава избирательных комиссий ГУ «Аппарат Жезказганского городского маслихата» объявляет  общий конкурс на занятие вакантной,  временно вакантной административной государственной должности корпуса «Б», являющейся низовой Список кандидата допущенного  к собеседованию График собеседования Решение конкурсной комиссии ОБЪЯВЛЕНИЕ Объявление
Общественный совет
О внесении изменений в решение №33/298 от 4 апреля 2019 года «Об утверждении состава Общественного совета города Жезказган» Жезқазған қаласы қоғамдық Кеңесі төрағасы С.Қожамсейітовтың есебі Об Общественном совете города Жезказган Объявление Состав рабочей группы по формированию Общественного совета города Жезказган Объявление  о проведении конкурса по избранию членов рабочей группы по формированию Общественного совета города Жезказган Отчет общественного совета города Жезказган за 1-ое полугодие 2016 года Председатель общественного совета г.Жезказгана Об Общественном совете города Жезказган Внеочередная 41 сессия Жезказганского городского маслихата Об утверждении состава общественного совета ИТОГИ РАБОТЫ ОБЩЕСТВЕННОГО СОВЕТА ЗА 2016 ГОД Сообщение о заседании по вопросу создания Рабочей группы Объявление о конкурсе по избранию членов Общественного совета города Жезказган ОБРАЗЕЦ - Предложение о выдвижении кандидата в состав Общественного совета города Жезказган Образец - АВТОБИОГРАФИЧЕСКИЕ ДАННЫЕ Образец - ЗАЯВЛЕНИЕ Объявление о проведении заседания Рабочей группы по формированию Общественного совета города Жезказган
Решения
№ 49/425. Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, финансируемых из городского бюджета № 49/423. О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории города Жезказган № 49/426. О внесении изменений в решение XХХХІ сессии Жезказганского городского маслихата от 27 декабря 2019 года №41/362 «О бюджете города Жезказган на 2020-2022 годы» О бюджете города Жезказган на 2020-2022 годы № 49/424. Об утверждении Правил оказания социальной поддержки и установления размера по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Жезказган № 47/411. О внесении изменений в решение XXXXII сессии Жезказганского городского маслихата от 27 декабря 2019 года №42/371 «О бюджете сельских округов на 2020-2022 годы» О признании утратившим силу решения Жезказганского городского маслихата от 27 сентября 2016 года №4/50 «Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Жезказганского городского маслихата» и его описание» О внесении изменений и дополнения в решение Жезказганскогогородского маслихата от 24 мая 2012 года № 6/51 «Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Жезказгана» О признании утратившим силу решения Жезказганского городского маслихата от 24 декабря 2018 года №30/275 « Об установлении единых ставок фиксированного налога» О внесении изменений в решение XХХХІ сессии Жезказганского городского маслихата от 27 декабря 2019 года №41/362 «О бюджете города Жезказган на 2020-2022 годы» О бюджете сельских округов на 2020-2022годы О предоставлении в 2020 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Жезказгана Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Малшыбай Об утверждении состава Общественного совета города Жезказган О внесении изменений в решение городского маслихата №32/293 от 10.января 2019 года. «Об утверждении составов участковых избирательных комиссии» Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Талап О внесении изменений в решение XХХХІ сессии Жезказганского городского маслихата от 27 декабря 2019 года №41/362 «О бюджете города Жезказган на 2020-2022 годы» О внесении изменений в решение XХХХІ сессии Жезказганского городского маслихата от 27 декабря 2019 года №41/362 «О бюджете города Жезказган на 2020-2022 годы» 2019 год 2018 год 2017 год Архив
Проекты решений
Об установлении размера фиксированного суммарного
налога с единицы объектов налогообложения
Об установлении стоимости разового талона
за право реализации товаров на рынках
Об установлении стоимости разовых талонов по предпринимательской
деятельности физических лиц носящий эпизодический характер
Об установлении размера ставок фиксированного налога
с единицы объекта налогообложения
О базовых ставках налога на земли выделенные под автостоянки О размере и порядке оказания жилищной помощи О внесении изменений в решение XXXIVсессии Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи О внесении изменений в решение XXXIV сессии. 09.07.2012. О внесении изменения в решение от 24 мая 2012 года №6/51 Об утверждении схемы зонирования земель города Жезказган с определением территорий по целевому назначению и режиму использования Об утверждении Правил содержания животных на территории города Жезказган О признании утратившими силу некоторых решений Жезказганского городского маслихата О внесении изменений и дополнений в решение Жезказганского городского маслихата от 25 декабря 2015 года № 38/347 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Жезказган»
Общественное мнение

Какие формы, на Ваш взгляд, наиболее удобны для обращения по факту коррупционных правонарушений?

Телефон доверия
71-13-23

Жезқазған қаласы қоғамдық Кеңесі төрағасы С.Қожамсейітовтың есебі

Опубликовано: 28 декабря 2019

Құрметті әріптестер!

Құрметті мәжіліске қатысушылар!

Қалалық мәслихат биыл  наурызда қоғамдық Кеңес құрамын 14 кісіден бекіткен еді. Алғашқы ұйымдастыру мәжілісі 15 сәуірде өтті. Баламалы негізде мені қоғамдық Кеңес төрағасы етіп сайлады. Қоғамдық Кеңестің хатшысы болып акиматтың ішкі саясат бөлімінің басшысы Мереке Мырзабекова сайланды.

Қоғамдық Кеңестің бірінші отырысында кеңес жанынан  төрт комиссия құрылды. Олар – бюджеттік бағдарламалар және аумақты дамыту жөніндегі комиссия (төрағасы Д.Мұқан), құқықтық комиссия (төрағасы А.Кәрімов), қоғамдық бақылау комиссиясы (төрағасы В.Куприянов), қала тұрғындарын қабылдау және заңды тұлғалардың, жеке азаматтардың арызын қарау жөніндегі комиссия (төрағасы Б.Битенова). Қоғамдық Кеңестің ұйымдастыру – техника жағынан қамтамасыз етілуі, комиссиялар  жұмысының жайын таяуда өз есебінде Кеңес хатшысы М.Мырзабекова баяндайтын болады.

Қоғамдық Кеңестің екінші отырысында (2019 жыл 17 мамыр) Жезқазған қаласы қоғамдық Кеңесінің ережесі бекітілді. Біз Ережені қалалық мәслихат қабылдаған шығар деп жүр едік. Олай болмай шықты. Сондықтан Ереженің жобасын ҚР парламентінде қаралып жатқан қоғамдық Кеңестер туралы Заң қабылданған соң мәслихаттың кезекті сессиясында қарауды ұсынғалы отырмыз.

Сонымен қатар қоғамдық Кеңестің отырысында үш адамнан қоғамдық Кеңестің бюросы (С.Қожамсейітов, С.Медебаев, М.Мырзабекова) сайланды. Айта кетейін, қоғамдық Кеңес бюросының шешімін әрбір қоғамдық Кеңес мүшесі орындауға міндетті болып табылады.

Есепті мерзімде қоғамдық Кеңестің тоғыз мәжілісі өтті. Онда 32 мәселе қаралды.

Оның ішінде төмендегі мәселелерді атап өткім келеді.

Бірінші. Қаланы көгалдандырудың, газондар мен гүл алаңдарын көбейтудің және оларды жеке меншік үйлерді қосып алғанда суаруды жақсартудың шаралары туралы қала әкімінің орынбасары Н.Орынбаевтың баяндамасын тыңдадық. Талқылағаннан кейін қоғамдық Кеңестің мүшелері атқарушы биліктің кемшіліктерді 10-маусымға дейін түземіз деген мәлімдемесін еске алды. Сонымен бірге қаланы көгалдандыруға және жасыл желекті суаруға байланысты сауапты бағдарлама жасалып, қалада жасыл желекке су беруді өткен ғасырдың 80-жылдарындағыдай сәуірдің аяғында – мамырдың басында тұтастай іске асыру ұсынылды. Бұл ұсынысты қала әкімі Қ.Бегімов қабылдады.

Екінші мәселе «Қаладағы экологиялық жағдай және оны жақсартудың шаралары туралы» болды. Айтуымыз керек, күн тәртібіндегі мәселені терең зерттеп, кемшіліктердің негізгі себептерін анықтап, ұтымды ұсыныстар жасауға Қарағанды облысының экология департаменті (басшысы Қанат Мұсапарбеков), «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы «Нұр Отан» партиясы Қарағанды филиалының төрағасы облыстық мәслихаттың депутаты Б.Шынғысов жетекшілік ететін облыстық мәслихат депутаттарының Жезқазған аймақтық тобы үлкен көмек көрсетті. Жағдай кісі алаңдарлық. «Қазақмыс» «Смэлтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жезқазған мыс қорыту заводы өндірісінің ауа кеңістегіне жіберіп жатқан зиянды заттары жоғары, оның ішінде сирек және шашыранды металлдар бар, халық ашық көлден су ішеді, ол кен-термикалық пеш кешенінен 2-3 километр қашықтықта орналасқан. Жасыл желек соңғы он шақты жылда күрт азайып кетті. Тұрғындардың арасындағы қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетін қалыптастыру  бағытында ұйымдастыру – техникалық және ақпараттық жұмыстардың кешенді жүйесі әлі қалыптаспаған.

Қала қоғамдық Кеңесінің ұсыныстарын «Қазақмыс смэлтинг» ЖШС басшылары қарады. Жуырда хат алдық. Онда Жезқазған мыс заводында күкірт қышқылы цехы 2022 жылдың аяғына дейін салынатыны баяндалды. Ұзаққа созылған цехты техникалық – экономикалық жағынан бекемдеп негіздеу жұмысы аяқталған. Қазір ол мүдделі құрылымдар тарапынан сараптамадан өтуде. Алдағы жылда құрылыс басталады.

Өкінішке қарай мемлекеттік орындарға байланысты қоғамдық Кеңестің тағы 8 ұсынысы әлі шешімін тапқан жоқ.

Үшінші. Қала қоғамдық Кеңесінің практикасында алғаш рет 2019 жыл 26 қыркүйекте мүгедектердің құқығы, әлеуметтік – тұрмыстық жағдайына байланысты ҚР Заңнамаларының сақталуы жөнінде қоғамдық тыңдау өткіздік. Қоғамдық тыңдауға 43 мүгедек, мемлекет және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Онда қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, білім бөлімдері мен Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы аймақтық өкілдігінің басшылары Әлкебаева Ләйла Батырқызы, Альмағанбетов Жеңіс Едігеұлы, Ранова Лаззат Нәбиқызы толыққанды, мазмұнды баяндамалар жасады. Тыңдау кезінде 27 сұрақ түсті, 7 мәселе жөнінде қатысушылар пікірлерін білдірді. Сұрақтар мен қатысушылардың пікірлері сараланып,  қоғамдық маңызыларына қаладағы «Сарыарқа», «Подробности» және «Жезказганский вестник» газеттері арқылы жауап берілді. Мұнымен бірге қоғамдық тыңдау бірқатар шешілмеген түйінді мәселелердің бетін ашты. Айтайық, тиісті орындардың қорытындысы бойынша білім алуға қабілетті 648 баланың 400-і оқуға тартылмаған, педагогикалық – психологиялық түзеу кабинетінің қызметін бүгінге 265 бала күтіп кезекте отыр. Ең бастысы және тез шешуді талап ететін мәселе педагогикалық – психологиялық түзету кабинетін стандартқа сәйкес лайықты жаңа жұмыс алаңына көшіру болып табылады. Міне қараңыз, коляскамен баласын әкелген ананың (негізінен аналар ғой) сырттан кететін есік табалдырығының өзі 10-12 сантиметр, балалардың қажеттелікке баратын бөлмелер жоқ, кабинет бөлмелері өте тар. Бұған қоса ДЦП-мен сырқат балаларды сауықтыру ісіне иппотерапияны пайдалану күн тәртібіне койылып отыр. Жезқазған әкімшілік ауданының аумағында 7568 жылқы өсіріледі. Қаланың ішінде осы шаруамен шұғылдануға ниет білдіріп, грант алған азамат бар. Айтылған сөз аяқсыз қалған. Қала әкімі педагогикалық – психологиялық түзету кабинетінің жұмысымен танысқанда қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.Е.Альмағанбетовке спорт, кәсіпкерлік  бөлімдермен бірлесіп, осыны мемлекеттік – жекеменшік әріптестік тұрғысынан шешу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған еді. Енді нәтижесін күтеміз.

Сөз арасында қозғалған тақырып шеңберінде Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы аймақтық өкілдігінің (басшысы Ранова Л.Н.) игіліктікті істері мен бастамаларын атап өткізгіміз келеді.

Есепті мерзімде қоғамдық Кеңес қала өміріндегі өзекті мәселелер ҚР  Үкіметінің Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік – экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасының орындау барысы және ҚР үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымда қабылдаған өзектендіріліп, мерзімі 2022 жылға созылған осы бағдарламасының сипаты, полицияның учаскелік инспекторлары елді мекендердің тазалығы жөніндегі ҚР заңнамаларын сақтау ісіне қатысуы туралы есебі, мектеп оқушыларын тамақтандыру, ЦОН және қала ішіндегі жолаушылар транспортының қызметі, тағы басқа ондаған сұрақтарды өз елегінен өткізіп, тиісті ұсыныстар қабылдады. Біз Кеңес жұмысының жариялылығын қамтамасыз етіп отырған «Сарыарқа», «Подробности», «Жезказганский вестник» газеттерінің белсенділігін атап өтеміз. Осы орайда «Дидар» телеарнасының жайбасарлығын түсінбей отырғанымызды жасырмаймыз.

Қоғамдық Кеңестің бюросы жұмысты жандандырып келеді. Кеңес жұмысының әр қырына байланысты 5 шешім қабылдады.

Осы уақыт ішінде қоғамдық Кеңес кеңсесінде қырықтан артық қала тұрғындары болды, олар көтерген мәселелердің бірқатары қоғамдық кеңестің мәжілістері мен ұсыныстарын дайындауға пайдаланып, 8-і қала әкімдігіне қарауға жіберілді, олар түгел дерлік оң шешімін тапты.

Алдағы 2020 жылы бастаған істі әрі жалғастырып, қала экономикасының, мәдени – әлеуметтік, рухани өмірінің, тіршілігінің сан алуан мәселелерін қоғам талқысына шығарамыз. Олардың негізгілері қаланың, жалпы орта білім беретін мектептерін мұғалімдерімен қамтамасыз ету үшін 5 жылдық нақты іс-әрекет жоспарын, Жезқазған металлургиялық кешенін шикізатпен қамтамасыз етуге бағышталған геологиялық барлау жұмыстарының жәйін қараймыз, суармалды жерді кеңейтіп, көкөніс, картоп өндірісін арттыру, жергілікті туризмнің бүгінгі жәйі және даму шараларын талқылаймыз. 2020 жылы мамыр айында жасыл желектерді сақтап, жаңа алаңдарға ағаш көшеттерін отырғызу, бүкіл қаланың жасыл аймақтарын, жекеменшіктік үй жанындағы участоктарды сумен қамтамасыз ету жөнінде қоғамдық тыңдау ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Қала тұрғындарының сан-саналы және өткір қажетіне жұмыс істеп жатқан қоғамдық Кеңестің жұмысын түсіністікпен қабылдап, көмегін беріп отырған қала әкімі Қайрат Баяндыұлы Бегімовке, мәслихат хатшысы Сәбит Тұрсынұлы Медебаевқа, әкім орынбасарларына, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-нің Жезқазған аймағындағы басшыларына, қоғамдық Кеңес мүшелері, Сіздердің аттарыңыздан ризалығымызды білдіреміз.

ҚР Парламентінің биылғы сессиясында қоғамдық Кеңестер туралы жетілдірілген Заң жобасы талқыланып жатыр. Онда мұндай құрылымдардың шетелдік тәжірибесі ескерілетін түрі бар. Бұл «құлағы бар» мемлекеттің қоғаммен байланысын нығайтуға және азаматтық қоғамның мемлекеттің, Заң шығарушы және атқарушы биліктің қызметінде ықпалы мен рөлі арта түсуіне жағдай туғызады.

Ықылас қойғандарыңызға рахмет!