Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Объявления
Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру Саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына ХАБАРЛАНДЫРУ Қарағанды  облысы Жезқазған қаласы мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЫ VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХІІ сессиясы 2019 жылдың 10 қаңтарында әкімдік пен мәслихаттың Үлкен залында /10 қабат/ сағат 11.00-де мына күн тәртібімен шақырылады Жезқазған қалалық мәслихатының   сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру қорытындылары туралы ХАБАРЫ «Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты» ММ -нің   «Б» корпусының төменгі лауазым болып табылатын  уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына  орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Әңгімелесуге жіберілген үміткердің тізімі Әңгімелесу кестесі Конкурстық комиссияның шешімі Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары! Хабарландыру
Общественный совет
Қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 4 сәуірдегі №33/298 «Жезқазған қаласының Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жезқазған қаласы қоғамдық Кеңесі төрағасы С.Қожамсейітовтың есебі Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесі туралы Хабарландыру Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялау туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесі туралы Жезқазған қаласының Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы Жұмыс тобын құру мәселесі жөніндегі отырыс туралы хабарлама Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру ҮЛГІ - Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына кандидат ұсыну туралы ҰСЫНЫС ҮЛГІ - ӨМІРБАЯН ДЕРЕКТЕРІ ҮЛГІ - ӨТІНІШ Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізу туралы хабарландыру
Закупки
Решения
№ 49/425. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы № 49/423. Жезқазған қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы № 49/426. Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы XХХХІ сессиясының №41/362 «2020-2022 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2020-2022 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы № 49/424. Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы № 47/411. Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы XXXXII сессиясының №42/371 «2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округтер бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі №4/50 «Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 «Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №30/275 «Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы XХХХІ сессиясының №41/362 «2020-2022 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округтер бюджеті туралы Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын 2020 жылы көрсету туралы Малшыбай ауылыныңжергілікті қоғамдастықжиналысының регламентінбекітутуралы Жезқазған қаласының Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы Қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №32/293 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы Талап ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекітутуралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы XХХХІ сессиясының №41/362 «2020-2022 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы XХХХІ сессиясының №41/362 «2020-2022 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2019 год 2018 год 2017 год Архив
Шешiмдер жобасы
Аумағындабірлікобъектілерге салықсалудыңбелгіленген
жиынтық салықтыңмөлшерінбелгілеутуралы
Базарларда тауарларды сату құқығына берілетін
бір жолғы талонның бағасын белгілеу
кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын
бір жолғы талонныv
Жезқазған қаласы аумағында салық салу объектісінің бірлігінен
алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
Автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге базалық ставкалары туралы Жезқазған қ. тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту XXXIV сессиясының № 34/413 шешіміне өзгерістер енгізу туралы XXXIV сессиясының № 34/413 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 09.07.2012. 2012 жылғы 24 мамырдағы №6/51 «Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимі бойынша аумақтарды айқындай отырып, Жезқазған қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы Жезқазған қаласының аумағында жануарларды ұстау ережесін бекіту туралы Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №38/347 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Кері байланыс
Общественное мнение

Сіздің ойыңызша сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық фактілерін хабарлаудың ең қолайлы түрі қайсысы?

Сенім телефондары
71-13-23

Мемлекеттік рәміздер

Опубликовано: 24 января 2010 . Обновлено: 05 марта 2019

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы 

 

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..  
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы

 Елтаңбасы– мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «QAZAQSTAN» деген жазу – алтын түстес.
Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.
Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Гимн– мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Толық оқу>>
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнің бекітті.

Сөзі - Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденовтікі, музыкасы - Шәмші Қалдаяқовтікі  

 

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!