Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Объявления
Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру Саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына ХАБАРЛАНДЫРУ Қарағанды  облысы Жезқазған қаласы мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЫ VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХІІ сессиясы 2019 жылдың 10 қаңтарында әкімдік пен мәслихаттың Үлкен залында /10 қабат/ сағат 11.00-де мына күн тәртібімен шақырылады Жезқазған қалалық мәслихатының   сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру қорытындылары туралы ХАБАРЫ «Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты» ММ -нің   «Б» корпусының төменгі лауазым болып табылатын  уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына  орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Әңгімелесуге жіберілген үміткердің тізімі Әңгімелесу кестесі Конкурстық комиссияның шешімі Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары! Хабарландыру
Общественный совет
Қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 4 сәуірдегі №33/298 «Жезқазған қаласының Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жезқазған қаласы қоғамдық Кеңесі төрағасы С.Қожамсейітовтың есебі Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесі туралы Хабарландыру Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялау туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесі туралы Жезқазған қаласының Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы Жұмыс тобын құру мәселесі жөніндегі отырыс туралы хабарлама Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру ҮЛГІ - Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына кандидат ұсыну туралы ҰСЫНЫС ҮЛГІ - ӨМІРБАЯН ДЕРЕКТЕРІ ҮЛГІ - ӨТІНІШ Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізу туралы хабарландыру
Закупки
Решения
№ 49/425. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы № 49/423. Жезқазған қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы № 49/426. Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы XХХХІ сессиясының №41/362 «2020-2022 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2020-2022 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы № 49/424. Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы № 47/411. Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы XXXXII сессиясының №42/371 «2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округтер бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі №4/50 «Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 «Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №30/275 «Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы XХХХІ сессиясының №41/362 «2020-2022 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округтер бюджеті туралы Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын 2020 жылы көрсету туралы Малшыбай ауылыныңжергілікті қоғамдастықжиналысының регламентінбекітутуралы Жезқазған қаласының Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы Қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №32/293 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы Талап ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекітутуралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы XХХХІ сессиясының №41/362 «2020-2022 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы XХХХІ сессиясының №41/362 «2020-2022 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2019 год 2018 год 2017 год Архив
Шешiмдер жобасы
Аумағындабірлікобъектілерге салықсалудыңбелгіленген
жиынтық салықтыңмөлшерінбелгілеутуралы
Базарларда тауарларды сату құқығына берілетін
бір жолғы талонның бағасын белгілеу
кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын
бір жолғы талонныv
Жезқазған қаласы аумағында салық салу объектісінің бірлігінен
алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
Автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге базалық ставкалары туралы Жезқазған қ. тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту XXXIV сессиясының № 34/413 шешіміне өзгерістер енгізу туралы XXXIV сессиясының № 34/413 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 09.07.2012. 2012 жылғы 24 мамырдағы №6/51 «Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимі бойынша аумақтарды айқындай отырып, Жезқазған қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы Жезқазған қаласының аумағында жануарларды ұстау ережесін бекіту туралы Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №38/347 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Кері байланыс
Общественное мнение

Сіздің ойыңызша сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық фактілерін хабарлаудың ең қолайлы түрі қайсысы?

Сенім телефондары
71-13-23

Жезқазған қаласы қоғамдық Кеңесі төрағасы С.Қожамсейітовтың есебі

Опубликовано: 28 декабря 2019

Құрметті әріптестер!

Құрметті мәжіліске қатысушылар!

Қалалық мәслихат биыл  наурызда қоғамдық Кеңес құрамын 14 кісіден бекіткен еді. Алғашқы ұйымдастыру мәжілісі 15 сәуірде өтті. Баламалы негізде мені қоғамдық Кеңес төрағасы етіп сайлады. Қоғамдық Кеңестің хатшысы болып акиматтың ішкі саясат бөлімінің басшысы Мереке Мырзабекова сайланды.

Қоғамдық Кеңестің бірінші отырысында кеңес жанынан  төрт комиссия құрылды. Олар – бюджеттік бағдарламалар және аумақты дамыту жөніндегі комиссия (төрағасы Д.Мұқан), құқықтық комиссия (төрағасы А.Кәрімов), қоғамдық бақылау комиссиясы (төрағасы В.Куприянов), қала тұрғындарын қабылдау және заңды тұлғалардың, жеке азаматтардың арызын қарау жөніндегі комиссия (төрағасы Б.Битенова). Қоғамдық Кеңестің ұйымдастыру – техника жағынан қамтамасыз етілуі, комиссиялар  жұмысының жайын таяуда өз есебінде Кеңес хатшысы М.Мырзабекова баяндайтын болады.

Қоғамдық Кеңестің екінші отырысында (2019 жыл 17 мамыр) Жезқазған қаласы қоғамдық Кеңесінің ережесі бекітілді. Біз Ережені қалалық мәслихат қабылдаған шығар деп жүр едік. Олай болмай шықты. Сондықтан Ереженің жобасын ҚР парламентінде қаралып жатқан қоғамдық Кеңестер туралы Заң қабылданған соң мәслихаттың кезекті сессиясында қарауды ұсынғалы отырмыз.

Сонымен қатар қоғамдық Кеңестің отырысында үш адамнан қоғамдық Кеңестің бюросы (С.Қожамсейітов, С.Медебаев, М.Мырзабекова) сайланды. Айта кетейін, қоғамдық Кеңес бюросының шешімін әрбір қоғамдық Кеңес мүшесі орындауға міндетті болып табылады.

Есепті мерзімде қоғамдық Кеңестің тоғыз мәжілісі өтті. Онда 32 мәселе қаралды.

Оның ішінде төмендегі мәселелерді атап өткім келеді.

Бірінші. Қаланы көгалдандырудың, газондар мен гүл алаңдарын көбейтудің және оларды жеке меншік үйлерді қосып алғанда суаруды жақсартудың шаралары туралы қала әкімінің орынбасары Н.Орынбаевтың баяндамасын тыңдадық. Талқылағаннан кейін қоғамдық Кеңестің мүшелері атқарушы биліктің кемшіліктерді 10-маусымға дейін түземіз деген мәлімдемесін еске алды. Сонымен бірге қаланы көгалдандыруға және жасыл желекті суаруға байланысты сауапты бағдарлама жасалып, қалада жасыл желекке су беруді өткен ғасырдың 80-жылдарындағыдай сәуірдің аяғында – мамырдың басында тұтастай іске асыру ұсынылды. Бұл ұсынысты қала әкімі Қ.Бегімов қабылдады.

Екінші мәселе «Қаладағы экологиялық жағдай және оны жақсартудың шаралары туралы» болды. Айтуымыз керек, күн тәртібіндегі мәселені терең зерттеп, кемшіліктердің негізгі себептерін анықтап, ұтымды ұсыныстар жасауға Қарағанды облысының экология департаменті (басшысы Қанат Мұсапарбеков), «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы «Нұр Отан» партиясы Қарағанды филиалының төрағасы облыстық мәслихаттың депутаты Б.Шынғысов жетекшілік ететін облыстық мәслихат депутаттарының Жезқазған аймақтық тобы үлкен көмек көрсетті. Жағдай кісі алаңдарлық. «Қазақмыс» «Смэлтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жезқазған мыс қорыту заводы өндірісінің ауа кеңістегіне жіберіп жатқан зиянды заттары жоғары, оның ішінде сирек және шашыранды металлдар бар, халық ашық көлден су ішеді, ол кен-термикалық пеш кешенінен 2-3 километр қашықтықта орналасқан. Жасыл желек соңғы он шақты жылда күрт азайып кетті. Тұрғындардың арасындағы қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетін қалыптастыру  бағытында ұйымдастыру – техникалық және ақпараттық жұмыстардың кешенді жүйесі әлі қалыптаспаған.

Қала қоғамдық Кеңесінің ұсыныстарын «Қазақмыс смэлтинг» ЖШС басшылары қарады. Жуырда хат алдық. Онда Жезқазған мыс заводында күкірт қышқылы цехы 2022 жылдың аяғына дейін салынатыны баяндалды. Ұзаққа созылған цехты техникалық – экономикалық жағынан бекемдеп негіздеу жұмысы аяқталған. Қазір ол мүдделі құрылымдар тарапынан сараптамадан өтуде. Алдағы жылда құрылыс басталады.

Өкінішке қарай мемлекеттік орындарға байланысты қоғамдық Кеңестің тағы 8 ұсынысы әлі шешімін тапқан жоқ.

Үшінші. Қала қоғамдық Кеңесінің практикасында алғаш рет 2019 жыл 26 қыркүйекте мүгедектердің құқығы, әлеуметтік – тұрмыстық жағдайына байланысты ҚР Заңнамаларының сақталуы жөнінде қоғамдық тыңдау өткіздік. Қоғамдық тыңдауға 43 мүгедек, мемлекет және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Онда қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, білім бөлімдері мен Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы аймақтық өкілдігінің басшылары Әлкебаева Ләйла Батырқызы, Альмағанбетов Жеңіс Едігеұлы, Ранова Лаззат Нәбиқызы толыққанды, мазмұнды баяндамалар жасады. Тыңдау кезінде 27 сұрақ түсті, 7 мәселе жөнінде қатысушылар пікірлерін білдірді. Сұрақтар мен қатысушылардың пікірлері сараланып,  қоғамдық маңызыларына қаладағы «Сарыарқа», «Подробности» және «Жезказганский вестник» газеттері арқылы жауап берілді. Мұнымен бірге қоғамдық тыңдау бірқатар шешілмеген түйінді мәселелердің бетін ашты. Айтайық, тиісті орындардың қорытындысы бойынша білім алуға қабілетті 648 баланың 400-і оқуға тартылмаған, педагогикалық – психологиялық түзеу кабинетінің қызметін бүгінге 265 бала күтіп кезекте отыр. Ең бастысы және тез шешуді талап ететін мәселе педагогикалық – психологиялық түзету кабинетін стандартқа сәйкес лайықты жаңа жұмыс алаңына көшіру болып табылады. Міне қараңыз, коляскамен баласын әкелген ананың (негізінен аналар ғой) сырттан кететін есік табалдырығының өзі 10-12 сантиметр, балалардың қажеттелікке баратын бөлмелер жоқ, кабинет бөлмелері өте тар. Бұған қоса ДЦП-мен сырқат балаларды сауықтыру ісіне иппотерапияны пайдалану күн тәртібіне койылып отыр. Жезқазған әкімшілік ауданының аумағында 7568 жылқы өсіріледі. Қаланың ішінде осы шаруамен шұғылдануға ниет білдіріп, грант алған азамат бар. Айтылған сөз аяқсыз қалған. Қала әкімі педагогикалық – психологиялық түзету кабинетінің жұмысымен танысқанда қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.Е.Альмағанбетовке спорт, кәсіпкерлік  бөлімдермен бірлесіп, осыны мемлекеттік – жекеменшік әріптестік тұрғысынан шешу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған еді. Енді нәтижесін күтеміз.

Сөз арасында қозғалған тақырып шеңберінде Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы аймақтық өкілдігінің (басшысы Ранова Л.Н.) игіліктікті істері мен бастамаларын атап өткізгіміз келеді.

Есепті мерзімде қоғамдық Кеңес қала өміріндегі өзекті мәселелер ҚР  Үкіметінің Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік – экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасының орындау барысы және ҚР үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымда қабылдаған өзектендіріліп, мерзімі 2022 жылға созылған осы бағдарламасының сипаты, полицияның учаскелік инспекторлары елді мекендердің тазалығы жөніндегі ҚР заңнамаларын сақтау ісіне қатысуы туралы есебі, мектеп оқушыларын тамақтандыру, ЦОН және қала ішіндегі жолаушылар транспортының қызметі, тағы басқа ондаған сұрақтарды өз елегінен өткізіп, тиісті ұсыныстар қабылдады. Біз Кеңес жұмысының жариялылығын қамтамасыз етіп отырған «Сарыарқа», «Подробности», «Жезказганский вестник» газеттерінің белсенділігін атап өтеміз. Осы орайда «Дидар» телеарнасының жайбасарлығын түсінбей отырғанымызды жасырмаймыз.

Қоғамдық Кеңестің бюросы жұмысты жандандырып келеді. Кеңес жұмысының әр қырына байланысты 5 шешім қабылдады.

Осы уақыт ішінде қоғамдық Кеңес кеңсесінде қырықтан артық қала тұрғындары болды, олар көтерген мәселелердің бірқатары қоғамдық кеңестің мәжілістері мен ұсыныстарын дайындауға пайдаланып, 8-і қала әкімдігіне қарауға жіберілді, олар түгел дерлік оң шешімін тапты.

Алдағы 2020 жылы бастаған істі әрі жалғастырып, қала экономикасының, мәдени – әлеуметтік, рухани өмірінің, тіршілігінің сан алуан мәселелерін қоғам талқысына шығарамыз. Олардың негізгілері қаланың, жалпы орта білім беретін мектептерін мұғалімдерімен қамтамасыз ету үшін 5 жылдық нақты іс-әрекет жоспарын, Жезқазған металлургиялық кешенін шикізатпен қамтамасыз етуге бағышталған геологиялық барлау жұмыстарының жәйін қараймыз, суармалды жерді кеңейтіп, көкөніс, картоп өндірісін арттыру, жергілікті туризмнің бүгінгі жәйі және даму шараларын талқылаймыз. 2020 жылы мамыр айында жасыл желектерді сақтап, жаңа алаңдарға ағаш көшеттерін отырғызу, бүкіл қаланың жасыл аймақтарын, жекеменшіктік үй жанындағы участоктарды сумен қамтамасыз ету жөнінде қоғамдық тыңдау ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Қала тұрғындарының сан-саналы және өткір қажетіне жұмыс істеп жатқан қоғамдық Кеңестің жұмысын түсіністікпен қабылдап, көмегін беріп отырған қала әкімі Қайрат Баяндыұлы Бегімовке, мәслихат хатшысы Сәбит Тұрсынұлы Медебаевқа, әкім орынбасарларына, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-нің Жезқазған аймағындағы басшыларына, қоғамдық Кеңес мүшелері, Сіздердің аттарыңыздан ризалығымызды білдіреміз.

ҚР Парламентінің биылғы сессиясында қоғамдық Кеңестер туралы жетілдірілген Заң жобасы талқыланып жатыр. Онда мұндай құрылымдардың шетелдік тәжірибесі ескерілетін түрі бар. Бұл «құлағы бар» мемлекеттің қоғаммен байланысын нығайтуға және азаматтық қоғамның мемлекеттің, Заң шығарушы және атқарушы биліктің қызметінде ықпалы мен рөлі арта түсуіне жағдай туғызады.

Ықылас қойғандарыңызға рахмет!