Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Объявления
Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру Саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына ХАБАРЛАНДЫРУ Қарағанды  облысы Жезқазған қаласы мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЫ VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХІІ сессиясы 2019 жылдың 10 қаңтарында әкімдік пен мәслихаттың Үлкен залында /10 қабат/ сағат 11.00-де мына күн тәртібімен шақырылады Жезқазған қалалық мәслихатының   сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру қорытындылары туралы ХАБАРЫ «Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты» ММ -нің   «Б» корпусының төменгі лауазым болып табылатын  уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына  орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Әңгімелесуге жіберілген үміткердің тізімі Әңгімелесу кестесі Конкурстық комиссияның шешімі
Закупки
Решения
Жезқазған  қалалық  мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 «Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын  үй көмегін  көрсету мөлшері мен тәртібі  туралы  Ережені  бекіту туралы» шешіміне  өзгеріс енгізу   туралы 2019-2021  жылдарға  арналған Кеңгір ауылдық округінің бюджеті туралы Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы XXXI сессиясының №31/284 «2019-2021 жылдарға арналған Кеңгір ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы XХХ сессиясының №30/274 «2019-2021 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын 2019 жылы көрсету туралы Жезқазған қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы 2018 год 2017 год Архив
Шешiмдер жобасы
Аумағындабірлікобъектілерге салықсалудыңбелгіленген
жиынтық салықтыңмөлшерінбелгілеутуралы
Базарларда тауарларды сату құқығына берілетін
бір жолғы талонның бағасын белгілеу
кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын
бір жолғы талонныv
Жезқазған қаласы аумағында салық салу объектісінің бірлігінен
алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
Автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге базалық ставкалары туралы Жезқазған қ. тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту XXXIV сессиясының № 34/413 шешіміне өзгерістер енгізу туралы XXXIV сессиясының № 34/413 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 09.07.2012. 2012 жылғы 24 мамырдағы №6/51 «Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимі бойынша аумақтарды айқындай отырып, Жезқазған қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы Жезқазған қаласының аумағында жануарларды ұстау ережесін бекіту туралы Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Бюджет
Общественное мнение

Сіздің ойыңызша сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық фактілерін хабарлаудың ең қолайлы түрі қайсысы?

Сенім телефондары
71-13-23

Депутаттар

Опубликовано: 11 апреля 2016 . Обновлено: 05 июня 2019

Абахов Денис Федорович 1979 жылы  29 шілдеде Қарағанды облысында дүниеге келген. 2002 жылы А.Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін инженер-механик мамандығы бойынша  бітірді. Қазіргі кезде «Корпорация Қазақмыс»ЖШС-нің  қормен   қамтамасыз ету кенші-өндіріс кешені      басқармасының басшысы. «НұрОтан» партиясының мүшесі. VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

 

Алтынбеков Бекзат Қомарұлы  1973 жылы  8 сәуірде  Қарағанды облысында  Ақтоғай ауданында дүниеге келген.  1997 жылы А.Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2007 жылы Букетов атындағы Қарағанды университетін заңгер мамандығы бойынша   бітірді. Тарих ғылымдарының кандидаты. Жезқазған бизнес және көлік колледжі жекеменшік мекемесінің құрылтайшысы, қазіргі кезде       жеке кәсіпкер. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік», «Ұлт мақтанышы»,  «Алтын жүрек»,  2014 жылы «Қазақстан Республикасының  мәслихаттарына 20 жыл»  медальдарымен марапатталды.2013 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды. «НұрОтан» партиясының мүшесі. V, VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

 

Бериков Нұрлан Керімұлы 1958 жылы  4 маусымда  Жамбыл облысында   дүниеге келген.  1982 жылы Алматы қаласындағы мемлекеттік медициналық институтын анестезиолог-реаниматолог  мамандығы бойынша   бітірді.2013 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. Қазіргі кезде   Жезқазған Орталық ауруханасы директорының орынбасары.  «НұрОтан» партиясының мүшесі. VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

Бөлен Хансеит Ыбрахымұлы 1972 жылы  11 ақпанда Жезқазған қаласында   дүниеге келген.  А.Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, Букетов атындағы Қарағанды университетін заңгер мамандығы бойынша   бітірді.Жезқазған аумағындағы кәсіподақ ассоциациясының төрағасы, А.Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің аға оқутушысы.  2014 жылы «Қазақстан Республикасының  мәслихаттарына 20 жыл»  медалімен марапатталды. «НұрОтан» партиясының мүшесі. ІІ, V,VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

Досанов Әбдірахман Мұханбетжанұлы  1960 жылы  3 шілдеде Қарағанды облысы Қарсақпай елді-мекенінде   дүниеге келген.  1982 жылы А.Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бейнелеу өнер және сызу  пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.1999 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. Қазіргі кезде №1 орта мектептің директоры. «НұрОтан» партиясының мүшесі. VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

Жумкина Светлана Серікбайқызы  1967 жылы  16 қазанда Қарағанды облысы Шет ауданында   дүниеге келген.  1990 жылы А.Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 2013 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды. Қазіргі кезде  Жезқазған бизнес және көлік колледжінің  директоры. «НұрОтан» партиясының мүшесі. VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

 

Медебаев Советбек Тұрсынұлы 1965 жылы Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы, Қарсақбай поселкесінде дүниеге келді.Білімі жоғары.Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша,Орталық-Азия университетін заңтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

            Еңбек жолын Жезқазған облыстық тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету басқармасының Жезқазғандағы жөндеу –құрылыс басқармасында шебер болып бастаған.1988 жылдан 1992 жылдар аралығында Жезқазған геологиялық зерттеу экспедициясында  қызмет етті.1992 жылдан 1995 жылға дейін Жезқазған облыстық тұтынушылар одағы қоғамында күрделі құрылыс,көлік және материалды-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің аға маманы,бастығы.

             1995 жылдың мамыр айынан Жезқазған қаласы әкімшілігі аппаратынынң басшысы,1995 жылдың қазан айынан-Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы.2003 жылдың 20 қыркүйегінде  №5 сайлау округі бойынша депутат болып сайланды.2003 жылдың 5 қарашасында қалалық мәслихаттың  бірінші сессиясында ІІІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

            2007 жылдың 18 тамызында №5 сайлау округі бойынша депутат болып сайланды.2007 жылдың 2 қыркүйегінде  қалалық мәслихаттың  ұйымдастыру сессиясында ІV шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 2008 жылдың қыркүйегі  мен 2011 жылдың шілдесі аралығында –Сәтбаев қаласының әкімі. 2012 жылы V шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды.2016 жылы VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланып, қазіргі кезде қалалық мәслихаттың хатшысы.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, «Жезқазғанға 50 жыл» күміс медалімен, «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10», «Ерен еңбегі үшін», 2014 жылы «Қазақстан Республикасының  мәслихаттарына 20 жыл»   медальдарымен марапатталды.

«НұрОтан»  партиясының мүшесі.Үйленген,үш баласы, екі немересі бар.

Муханбедин Мереке Абдыкалықұлы 1971 жылы  11 сәуірде Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Сарыкеңгір совхозында  дүниеге келген. Еңбек жолын 1989 жылы Сарыкеңгір совхозында бастады.2002 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып, 2007 жылдан «Алихан KZ»ЖШС директоры қызметін атқарды. 2016 жылы Москва қаласында  Ұлттық бизнес институтын экономист мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде ЖШС «Қарағанды түстіпрокат»   заводының директоры. «НұрОтан» партиясының мүшесі. VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

Ордубаев Султан Галеевич 1962 жылы  24 тамызда Алматы облысында   дүниеге келген.  1989 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша, 1994 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде «Корпорация Қазақмыс»ЖШС-нің ӨБ «Жезқазғантүстіметал» өндіріс бөлімінің басшысы. «НұрОтан» партиясының мүшесі. VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

Серікбаев Сұлтанбек 1959 жылы  14 қазанда Қарағанды облысында   дүниеге келген.  1987 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-байытушы мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде №1,2,3  Жезқазған байыту фабрикасының бас инженері. «НұрОтан» партиясының мүшесі. VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

Сотников Виктор Юрьевич 1958 жылы  7 қаңтарда    дүниеге келген.  1994 жылы Алматылық энергетикалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде «Корпорация Қазақмыс»ЖШС-нің электр жүйесі кәсіпорынының техникалық директоры. «НұрОтан» партиясының мүшесі. V,VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

Сурнин Сергей Александрович  1959 жылы 7 қазанда Қостанай облысының Рудный қаласында дүниеге келген.  1980 жылы С.М.Киров атындағы Орджоникидзе жоғары әскери училищесін, 1985 жылы Новосибирск қаласында МҚК жоғары оқу орнын бітірді. Қазір «Юникс» ЖШС-нің директоры.  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, «Жезқазғанға 60 жыл» күміс медалімен, «Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне 20 жыл», 2014 жылы «Қазақстан Республикасының  мәслихаттарына 20 жыл»   медальдарымен марапатталды.

 «Нұр Отан»  партиясының мүшесі. ІV ,V, VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

 

Тажибаев Даулет Мажитович  1970 жылы 5 наурызда  Қарағанды облысы Қарсақпай елді-мекенінде   дүниеге келген.  1993 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін пайдалы заттарды байыту мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі кезде   «Корпорация Қазақмыс»ЖШС Жезқазған мыс қорыту заводының  мыс қорыту цехының басшысы. «НұрОтан» партиясының мүшесі. VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты

Филипович Станислав Валентинович 1945 жылы  10 маусымда   Солтүстік Қазақстанда дүниеге келген.  Жезқазғандық тау-кен техникумын электромеханик мамандығы бойынша, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік пединститутын физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша  бітірді. 1979 жылы Ағадыр аудандық халықтық депутаттар кеңесіне депутат болып,1989 жылы облыстық халықтық депутаттар кеңесіне депутат болып сайланды.Қазіргі таңда «Корпорация Қазақмыс»ЖШС-нің Жезқазған аймағы бойынша еңбек қатынастарын реттеу бюро  бөлімінің жетекші маманы. «Нұр Отан»  партиясының мүшесі. V, VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.

Көпбаев Бақытжан Игенұлы 1982 жылы 18 желтоқсанда қаңтарда дүниеге келген. 2004 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін историк мамандығы бойынша бітірді.  2004-2005жылдар аралығында Жезқазған педагогикалық колледжінде әлеуметтік пәндер оқытушысы. 200-2015 жылдар аралығында Жезқазған политехникалық колледжінде әлеуметтік пәндер оқытушысы. Қазіргі кезде «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы» КММ директоры. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі. VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты.Отбасылы, 3 баласы бар