Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Объявления
Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру Саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына ХАБАРЛАНДЫРУ Қарағанды  облысы Жезқазған қаласы мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЫ VІ шақырылған Жезқазған қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХІІ сессиясы 2019 жылдың 10 қаңтарында әкімдік пен мәслихаттың Үлкен залында /10 қабат/ сағат 11.00-де мына күн тәртібімен шақырылады Жезқазған қалалық мәслихатының   сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру қорытындылары туралы ХАБАРЫ «Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты» ММ -нің   «Б» корпусының төменгі лауазым болып табылатын  уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына  орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Әңгімелесуге жіберілген үміткердің тізімі Әңгімелесу кестесі Конкурстық комиссияның шешімі Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары! Хабарландыру
Общественный совет
Қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 4 сәуірдегі №33/298 «Жезқазған қаласының Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жезқазған қаласы қоғамдық Кеңесі төрағасы С.Қожамсейітовтың есебі Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесі туралы Хабарландыру Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялау туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесі туралы Жезқазған қаласының Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы Жұмыс тобын құру мәселесі жөніндегі отырыс туралы хабарлама Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру ҮЛГІ - Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына кандидат ұсыну туралы ҰСЫНЫС ҮЛГІ - ӨМІРБАЯН ДЕРЕКТЕРІ ҮЛГІ - ӨТІНІШ Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізу туралы хабарландыру
Закупки
Решения
№ 49/425. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы № 49/423. Жезқазған қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы № 49/426. Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы XХХХІ сессиясының №41/362 «2020-2022 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2020-2022 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы № 49/424. Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы № 47/411. Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы XXXXII сессиясының №42/371 «2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округтер бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі №4/50 «Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 «Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №30/275 «Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы XХХХІ сессиясының №41/362 «2020-2022 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округтер бюджеті туралы Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын 2020 жылы көрсету туралы Малшыбай ауылыныңжергілікті қоғамдастықжиналысының регламентінбекітутуралы Жезқазған қаласының Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы Қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №32/293 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы Талап ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекітутуралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы XХХХІ сессиясының №41/362 «2020-2022 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы XХХХІ сессиясының №41/362 «2020-2022 жылдарға арналған Жезқазған қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2019 год 2018 год 2017 год Архив
Шешiмдер жобасы
Аумағындабірлікобъектілерге салықсалудыңбелгіленген
жиынтық салықтыңмөлшерінбелгілеутуралы
Базарларда тауарларды сату құқығына берілетін
бір жолғы талонның бағасын белгілеу
кәсіпкерлікпен ара-тұра сипатта айналысатын жеке тұлғалардан алынатын
бір жолғы талонныv
Жезқазған қаласы аумағында салық салу объектісінің бірлігінен
алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
Автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге базалық ставкалары туралы Жезқазған қ. тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту XXXIV сессиясының № 34/413 шешіміне өзгерістер енгізу туралы XXXIV сессиясының № 34/413 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 09.07.2012. 2012 жылғы 24 мамырдағы №6/51 «Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимі бойынша аумақтарды айқындай отырып, Жезқазған қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы Жезқазған қаласының аумағында жануарларды ұстау ережесін бекіту туралы Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №38/347 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Кері байланыс
Общественное мнение

Сіздің ойыңызша сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық фактілерін хабарлаудың ең қолайлы түрі қайсысы?

Сенім телефондары
71-13-23
Опубликовано: 09 июля 2012

 Жезқазған қалалық мәслихатының VI сессиясы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы №6/51 шешімі

Нормативтік құқықтық акт Қарағанды облысы әділет департаменті Жезқазған қаласы әділет басқармасында 2012 жылғы 18 маусымда нормативтік – құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне №8-2-156 болып енгізілді
 
                                                                                         
                                                                                                      
Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы
 
 
                Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы   жергілікті  мемлекеттік   басқару   және  өзін-  өзі   басқару туралы»,  1997  жылғы  16 сәуірдегі  «Тұрғын  үй  қатынастары  туралы»  Заңдарына,  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2008 жылғы  19 шілдедегі  №710   «Қазақстан   Республикасы   Әділет    министрлігінің     мәселелері»,  2009 жылғы 14 сәуірдегі  №512  «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын   азаматтарға   телекоммуникация  қызметтерін   көрсеткені   үшін абоненттік  төлемақы   тарифінің   көтерілуіне   өтемақы   төлеудің   кейбір   мәселелері    туралы»,   2009  жылғы   30 желтоқсандағы   №2314   «Тұрғын   үй  көмегін    көрсету   ережесін    бекіту  туралы»   қаулыларына   сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты    ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Қоса  беріліп  отырған  Жезқазған  қаласының  тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережесі бекітілсін.
         2.Жезқазған қалалық мәслихатының «Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту» 2012 жылғы 19 наурыздағы №4/28 шешімі жойылсын.
3.Осы шешім  алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Сессия төрайымы                                                                          Г.И.Каженова
 
Қалалық мәслихаттың хатшысы                                              С.Т.  Медебаев 
 

 

                                                 Жезқазған қалалық  мәслихатының
                                                                         2012 жылғы 24 мамырдағы №6/51
                                                                         шешімімен бекітілді
 
 
 
Жезқазған қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ереже
 
                 Осы   Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ереже (бұдан әрі- Ереже) Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін- өзі басқару туралы», 1997   жылғы   16   сәуірдегі    «Тұрғын   үй    қатынастары   туралы» Заңдарына,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі №710  «Қазақстан   Республикасы   Әділет    министрлігінің   мәселелері», 2009 жылғы 14 сәуірдегі  №512  «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын   азаматтарға   телекоммуникация қызметтерін   көрсеткені   үшін   абоненттік   төлемақы   тарифінің   көтерілуіне өтемақы  төлеудің    кейбір мәселелері  туралы», 2009 жылғы   30   желтоқсандағы    №2314  «Тұрғын үй көмегін көрсету    ережесін   бекіту  туралы» қаулыларына сәйкес әзірленді және Жезқазған қаласының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындайды.
 
1. Жалпы ережелер
 
                 1. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
 1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
2) алушы – өз атынан немесе отбасы мүшелерінің атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген және тұрғын үй көмегін алған тұлға;
          3) жалдауға беруші (жалға беруші) - тұрғын  жайды жалдау шартындағы тұрғын жайдың меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап;
                4) жалдаушы (жалға алушы) –тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайды  немесе оның  бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алушы тарап;
5) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта)  көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды,  электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
                    6) кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң  дара (бөлек) меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi болатын жағдайда, жылжымайтын мүлiкке меншiктiң нысаны;
                    7) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу – қажет болған жағдайда құрылымдық элементтер мен инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстыра отырып, ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгерістерімен байланысты емес физикалық және сапалық тозуды жоюға қатысты құрылыс және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының кешені;
       8) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
         9) отбасы – некеден (ерлі- зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;
10) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
         11) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш  беруші тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
                12) тұрғын жайды жалдау (жалға алу)  - жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін  ақысын төлетіп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;
                13) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) шарты – оған сәйкес жалдауға беруші (жалға беруші) жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін шарт;
                14) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
    15) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын  «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган);
 16) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
                17) шот – тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға, жергілікті уәкілетті органмен жеке тұрғын үй қорынан жалдап алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеу шығындарын төлеуге, қызметтерді жеткізушілермен электрондық тасығышта, немесе өтініш берушімен қағаз тасығышта тұрғын үй көмегін тағайындау мерзіміне берілетін құжат (түбіртек, хабарлама, анықтама). 
                2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
                1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
                2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
                3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
                4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
                Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегi қызметтердi жеткiзушiлермен берілген шоттар бойынша көрсетiледi.
        3. Тұрғын үй көмегі Жезқазған қаласында тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иелері немесе тұрғын үйді пайдаланушылар (жалдаушылар) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), егер тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлеміне тұрғын үй аумағының шекті шамасында  шығындар, өтемақылық шамалармен қамтамасыз етілген жағдайда, бірақ алатын нақты жалпы аумағынан және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына, сондай-ақ телекоммуникациялық қызметтер көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуіне ақы төлеу шығындарының мөлшерлерінен аспайтын, отбасы бюджетінде осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асатын тұлғаларға беріледі.
       Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге, сонымен қоса  телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне жұмсалатын отбасының (азаматтың) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (адамның) жиынтық табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
 
               
2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін айқындау
 
4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіппен көрсетеді:
1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормалары тұрғын үй заңнамасымен белгіленген отбасының әр мүшесіне  берілетін тұрғын үй нормасына балама және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты  азаматтар үшін  берілетін тұрғын үй ауданының әлеуметтік нормасы -30 шаршы метр;
2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:
қызмет жеткізушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар), нақты шығыстар бойынша, қатты отынды пайдалану:
1985 жылға дейін  салынған тұрғын  ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 161 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 98 килограмм көмірден артық емес;
1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 125 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 72 килограмм көмірден артық емес;
 жылу беру маусымының ұзақтығы – 7 ай;
тұрғын үй көмегін есептеу барысында, статистика органдарының мәліметтері бойынша Жезқазған қаласында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылады;
нақты шығындар бойынша, отбасының электр қуатын тұтынуы:
газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына  150 киловаттан;
электр плитасымен жабдықталған үйлерде айына 250 киловаттан аспауы керек;
3) cуық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқысты әкетуді тұтыну, тұрғын үйді  қүтіп –ұстауға жұмсалатын шығыстары  нормалары басқару нысанына тәуелсіз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері, басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) қызмет көрсетушілермен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекітілген тарифтердің негізінде белгіленеді;
4)  тиісті төленуге жататын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді жүргізудің кезектілігі жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, жалпы жиналыста пәтер иелерінің шешімімен анықталады.
5. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының ұлғаюы  бөлігінде байланыс қызметтеріне төлемақы белгіленген нормадан тыс жалпы негіздерде жүргізіледі.
6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметін көрсетуүшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтелуге жатады.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
 
7. Тұрғын үй көмегін уәкілетті орган береді және тұрғылықты мекенжайы бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.
8. Жеке меншігінде бір бірлігінен артық үйі (пәтерлер, үйлер) бар немесе тұрғын үйлерін жалдауға (жалға алуға) беретін отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.
9. Тұрғын үй көмегі берілмейді:
1) жұмыс істеуге қабілеті бар жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын адамдары бар отбасылар ;
2) жұмыс істемесе және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса, №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын адамдар;
 мына адамдарды есептемегенде:
күтім қажет деп танылған мүгедектерге күтім жасайтындар;
туберкулездік және психоневрологиялық диспансерлерде, емдік-профилакториялық мекемелерде бір айдан астам уақыт стационарлық немесе амбулаториялық емделудегі адамдар;
үш жасқа дейінгі бір немесе одан да көп баланың тәрбиесімен айналысатындар;
төрт және одан да көп баланың, оның ішінде кіші баланың бірінші сыныпты аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан аспаған) тәрбиесімен айналысатындар;
 кіші баласы 8 жасқа толғанға дейін өзіне және балаларына асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар.
10.  Алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен не18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иелері болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектерге тұрғын үй көмегі бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерлерде тұратындығына қарамастан,  бір адамға тұрғын үй алаңының нормасы (18 шаршы метр) және бір адамға  коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде беріледі.
11. Даулы, шиеленісті немесе ерекше жағдайлар туындаған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселе сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
12. Тұрғын үй көмегінің сомасы артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған көрінеу жалған мәліметтерді берген жағдайда  тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде, ал төлеуден бас тартылған жағдайда  сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
13. Тұрғын үй көмегі ақысыз немесе қолма–қол нысанда беріледі. Ақысыз нысаны – бұл ақшалай қаражаттарды қызмет жеткізушілердің есеп шоттарына, сонымен қатар кондоминиум объектісін басқару органдарының шоттарына (ағымдағы, жинақтаушы) аудару.
Тұрғын үй көмегі сомасын  коммуналдық қызметтерді жеткізушінің (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі) есеп шотына аудару мүмкін болмаған жағдайда, ол қызмет көрсететін басқа  қызмет жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе қолма -қол ақысыз нысанда төленеді. Қолма–қол нысаны екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдары арқылы азаматтардың шоттарына аудару жолымен
 
жүзеге асырылатын ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Есеп шотына аудару үшін өтініш беруші, екінші деңгейлі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдарда ашылған есеп шотын ұсынады.
 
4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері мен мерзімділігі
 
14. Тұрғын үй көмегі  тоқсан сайын табыстары туралы, коммуналдық шығындар мен берілген үйде тұрушылардың отбасы құрамы жайлы мәліметтерді  бере отырып, өтініш берілген айдан бастап  барлық қажетті құжаттармен бір  жылға тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
15. Тоқсан сайын табыстары туралы, коммуналдық шығындар мен отбасы құрамы жайлы мәліметтерді ұсынатын отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күнге тәуелсіз, тұрғын үй көмегін бір тоқсанға алады.
16. Ағымдағы тоқсан бойы табыстары туралы, коммуналдық шығындар мен отбасы құрамы жайлы мәліметтерді ұсынбаған отбасыларға, қандай да себепке қарамастан, тұрғын үй көмегін тағайындау құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.
17. Тұрғын үй көмегін алушылар он күннің ішінде өз үйінің жеке меншік үлгісінің, отбасы құрамы және жиынтық табысы өзгеруінің қандай да  жағдайлары туралы уәкілетті органдарға хабарлауы қажет.
18. Коммуналдық қызметтердің тарифтерін өзгерту кезінде, тарифтің өзгергені жайлы өкілетті органға құжатты ұсынған айдан бастап қайта бекіткен тарифі бойынша көмекті тағайындау жүргізіледі.
19. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасындағы басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген тұлғалар (оқушылар, студенттер)  есепке алынбайды.
5. Өтініш білдіру және тұрғын үй көмегін есептеу тәртібі
 
20. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе Қарағанды облысы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің Жезқазған қаласындағы филиалына өтінішке (1- қосымша) қоса келесі құжаттарды  ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
                2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
                3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
                4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
                5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
                6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
                7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
                8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі жеке іске қоса тіркеледі.
21. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті орган бланкілер үлгісін (2, 3, 4- қосымшалар) толтырады және тұрғын үй көмегін алушылардың жеке істері түзіледі. Ай сайын тұрғын үй көмегінің есебі жүргізеді және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.
22.Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жолдаған  тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға  өтемақылық  шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтың) осы мақсаттарға жұмсаған,  шығыстарының  шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
23. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп- ұстауға, коммуналдық қызметтерге, тұрғын  үйді  пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына және телекоммуникация қызметін көрсетуге абоненттiк төлемақы тарифiнiң арттырылуы төлемдеріне нақты есептелген сомалардан артуы мүмкін емес.
24. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін коммуналдық қызметтер бойынша есептелген төлемдер тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде  коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен электрондық тасығышта не болмаса жеке тұлғалармен қағаз тасығышта (шоттар, түбіртектер, хабарламалар, анықтамалар) ұсынылады.
 
 


                                                                      
                                                   Жезқазған қаласының тұрғындарына
                                                                 тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
                                                                мен тәртібі туралы Ережесіне 1- қосымша
 
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш
 
Өтініш берушіні есепке алғанда,________адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін  жалға алу  ақысына, сондай-ақ телекоммуникация желісіне қосылған  телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды сұраймын.
Мен және менің отбасымның мүшелері табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға өз рұқсатымызды береміз.
                    Маған тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтыратын көрінеу жалған мәліметтерді бергенім үшін көмектің төленуі тоқтатылатыны туралы, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде  қайтарылуы тиіс екендігі, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылатыны ескертілді.
           Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.
           Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 177- бабының                     1- тармағына және 325- бабының 3- тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жүктелетін жауапкершілік туралы ескертілдім.
 
Өтініш берушінің деректері:
Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________________
Жеке куәлік деректері___________________________
(өтініш берушінің туған күні, № және куәліктің берілген күні)
СТН_________________________________________________
ӘЖК________________________________________________________
 
Отбасының өтініш беру тоқсанының алдындағы тоқсандағы жиынтық табысының орташа айлық мөлшері___________________________________
 
Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстар жоқ.
 
Тұрғылықты жері_________________ ______________ көшесі
_____ үй ___________ пәтер        телефон_______________
тиістілік_______________________        түрі ___________________
                            (пәтер иелері кооперативі)   
                                                                                                      (жеке, мемлекеттік)
Жалпы ауданы ______шаршы метр.
Қосымша аудан _____ шаршы метр.
Бөлме саны________
Әлеуметтік мәртебе_______________отбасылық жағдай _______________
 
Қызмет берушілерге тұрғын үй көмегін аударуға келісім беремін.
 
Меншігімде бір тұрғын үй бар.
 
Өтініш берушінің қолы__________________
Күні __________________________________
 
 
 
 


 
                Жезқазған қаласының тұрғындарына
тұрғын үй  көмегін көрсету мөлшері  мен тәртібі  туралы   Ережесіне
 2- қосымша
 
      
Отбасы  құрамы мен тұрғын үй  алаңының жалпы ауданы туралы анықтама
 
Азамат (ша)_____________________________________________
оның:___________ көшесі (шағын аудан) ________  үй______пәтер__________ мекенжайы бойынша тұратындығын растау үшін берілді.
 
Отбасы құрамы__________________ адам.
Тұратын алаңы__________ шаршы метр.
Пәтерге (үйге) құқығын белгілейтін құжат №________   _____________
____________________________________________________
Тұрғын үй иесімен бірге келесі адамдар тұрады:
 
Т.А.Ә.
Туған жылы
Туыстығы
Қай уақыттан бері тұрады
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Анықтама азаматтарды тіркеу кітабының негізінде толтырылды.
 
                                         
Маманның қолы______________________
Қабылдау мерзімі_____________________
 
 


 
                                              
                                                                  Жезқазған қаласының тұрғындарына
                                                                  тұрғын үй   көмегін көрсету мөлшері мен
                                                                  тәртібі туралы Ережесіне 3- қосымша
 
 
Отбасының барлық мүшелерінің кірістері туралы
анықтама
 
1.  Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________
Айы
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Кірістің түрі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кірістің сомасы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.  Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________
Айы
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Кірістің түрі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кірістің сомасы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.  Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________
Айы
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Кірістің түрі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кірістің сомасы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өтініш берушінің қолы__________________
Күні ______________________________
 
 


 
                                                                                             
               Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын    үй көмегін көрсету
              мөлшері    мен тәртібі туралы
              Ережесіне  4- қосымша 
                   
              
 
200 __жылғы____________ бойынша тұрғын үйді ұстау және
коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары туралы
анықтама
Төлеуші    ______________________________________________________
(пәтер  иесінің (жалдаушы) Т.А.Ә.)
Мекенжайы____________________________________________________
Жалпы ауданы_______________шаршы метр.
Бөлме саны_________________
Үйдің жалпы сипаттамасы__________________________________________
                                                          ( ыстық сумен қамтамасыз ету)
 
Төлем түрлері
Қызмет саны
Жеке шоттың нөмірі
     1. Тұрғын үйді ұстау шығындары (ПИК, ПИТК)
 
 
     2. Жылыту жүйесі
 
 
 
3. Ыстық су
 
 
 
4. Суық су
 
 
 
5.Кәріз
 
 
 
6.Электр энергиясымен қамтамасыз ету
 
 
 
7. Қоқыс шығару
 
 
 
     8. Телефонға абоненттік төлем
 
 
 
Маманның қолы_____________________________
Қабылданған күні____________________________